"Яндекс GO Қазақстан" "жомарт қараша" акциясына қатысты

341

Бүкіләлемдік "Жомарт қараша" акциясына қазақстандықтар да ат салысты.

"Яндекс GO Қазақстан" "жомарт қараша" акциясына қатысты Фото: Яндекс

Соның бірі, "Яндекс гоу Қазақстан". Компания өткен айдың 4 жұмасында 6 миллион теңге жинаған. Барлық қаражат халықтың әлеуметтік осал топтарының қажеттіліктеріне және онкологиялық аурулармен күресуге табысталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

 "Яндекс Гоу Қазақстан" "жомарт қараша" акциясын өткен жылы өткізген болатын. Жоба аясында әр жұмада жүрілген 10 шақырым үшін компания 1 теңгеден қайырымдылық қорларына ақша аударып отырады. Былтыр 5 миллион теңге болса, биылғы науқанда бұл көрсеткіш 6 миллионға жетті. 

"Әлеуметтік жауапкершілікке қатысатын барлық компания үшін бұл қалыпты жағдай. Яғни, қорлар мен серіктестерге көмектесу. Акцияның мақсаты біз қолданушыларға "Арди", "Өмірге сен", "Тепло", "Вместе против рака" қайырымдылық қорлары туралы айтып отырамыз", - дейді "Яндекс Go Қазақастан" компаниясының жетекшісі Таиыр Байдусен. 

"Жомарт қараша 2023" акциясы қымбат емге мұқтаж жандар үшін тағы бір мүмкіндік. Өйткені, Яндекс гоу Қазақстан әлеуметтік жоба аясында жиналған қаржыны 4 қорға бөліп берді. Соның ішінде, "Өмірге сен" қайырымдылық ұйымы да бар. Ол 6 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Қазіргі уақытта олардың көмегін 550-ден астам адам жүгінген.

"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген дүние қазіргі уақытта өте маңызды деп ойлаймын. Және бұл дүниені көп компаниялар қолдайды. Мәселен, Яндекс гоу Қазақстан. Олардың жасап жатқаны көпке үлгі боларлық іс. Басқа да компаниялар осындай игі істерге атсалысып жүрсе жақсы болар еді", - дейді "Өмірге сен" қайырымыдылық қорының директоры Сәбиля Шүгелова.   

"Яндекс гоу Қазақстан" қайырымдылық жобаларды бірте-бірте көбейтеміз деп отыр. Мәселен, кейбір қайырымдылық қорлардың көмегіне жүгінгендерді тегін тасымалдауды қолға алған. Бір ғана статистика осы жылдың ақпан айынан бері 145 мың сапар тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу