Негізгі өсім шағын заңды тұлғалардың есебінен болған, олардың саны – 520 382 кәсіпорын, орта – 6 559 бірлік, ірі – 2 470.
Жыл басынан бері экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар санының басым бөлігі "Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу" саласында – олардың үлесі 27,9% (147 475). Екінші орында – "Құрылыс" (70 469), үшінші орында – "Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну" (52 765).
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көп тіркелген заңды тұлғалар саны бойынша Алматы (149623 немесе 28,3%) және Астана (100169 немесе 18,9%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы (29104 немесе 5,5%) алда.
Тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 774 249 құрады, оның ішінде 1 676 759 – жұмыс істеп тұрғандар. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 236 501 бірлікті құрады, жұмыс істейтіндердің үлесі – 91%.