Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгін соттағы жарыссөз аяқталды. Мемлекеттік айыптаушы заңгер Әділетхан Молдаханның бас бостандығын 3 жылға айыруды сұраған.
Журналистің жазуынша, неге екені белгісіз, Әділетхан Молдаханға қатысты іске қылмысты ауырлататын мән-жайлар бойынша тағы бір бап қосылған.
Алмалы аудандық сотында "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген айыппен қамауға алынған блогер әрі заңгер өзіне тағылған айыппен толықтай келісетінін мәлімдеген еді.
Бұған дейін заңгердің барлық шығыны 35 миллион теңгеге жетуі мүмкін екенін жаздық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу