Заңсыз әрекет: Полиция мен әкімдік қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

1060

Көшедегі сатушыларға 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс қозғаған полицейлер мен әкімдік қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Заңсыз әрекет: Полиция мен әкімдік қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Бұл шара бизнесті қорғау үшін істелді, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Адамдарға 12 мыңнан 27 мыңға дейін айыппұл салынған. Мысалы, Жезқазған қаласында сауда орындары анықталмаған жерлерде кәсіпкерлерді жауапкершілікке тартқан.

Прокуратура шаралары бойынша 38 іс тоқтатылып, қалада сауда орындары анықталды.

"Осыған ұқсас, еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталып (бұрын мұндай орындар болмаған), 26 заңсыз қаулы жойылды", – деп толықтырды қадағалау органы.

Қадағалау органында түсіндірілгендей, Әкімшілік кодекстің 204-бап 1-бөлігі бойынша сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана жауапкершілікке тарту керек.

"Жіберілген бұзушылықтар үшін 113 тұлға (87 полиция, 26 әкімдік қызметкері) тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі бұл мәселені бақылауға алды", – делінген хабарламада.

Сауда орындарын облыс, қала және аудан әкімдіктері анықтауы керек. Қазіргі таңда әкімдіктердің шешімдерімен республика бойынша 4 126 сауда орны анықталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу