Заңсыз сыйақы алғандарға жазаны күшейту ұсынылып отыр

1086

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қылмыстық Кодекске бірқатар өзгерістер мен түзетулер әзірледі. 

Заңсыз сыйақы алғандарға жазаны күшейту ұсынылып отыр Фото: Эхо Казахстана

Оған сәйкес заңсыз сыйақы алғандарға қатысты қолданылатын жаза күшеюі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"Ірi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - делінген жария талқылауға ұсынылған құжатта.

Қазіргі таңда мұндай әрекетке барғандар 2000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Құжатта көрсетілгендей,  заңсыз сыйақының мәні тек материалдық сыйақы, жеңілдіктер немесе мүліктік сипаттағы қызметтер ғана емес, сонымен қатар мүлікке құқық болуы да мүмкін.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер (ҚК 247-бабының 3-бөлігі) онша ауыр емес қылмысқа жатады. Жаңа редакцияға сәйкес бопсалаумен байланысты заңсыз сыйақы алуды ауырлығы орташа қылмыстарға жатқызу туралы мәселені қарау ұсынылып отыр.

"Ұсынылған түзету жауапкершілікті күшейтіп қана қоймай, осындай фактілерді тиімді анықтау мен тергеуге жағдай жасайды", - делінген түсіндірме жазбада.

Қылмыстық Кодекске "заңсыз сыйақы беру" бабын қосу да ұсынылып отыр.

"247-1-бап. Заңсыз сыйақы беру, Мемлекеттік органның не мемлекеттік ұйымның мемлекеттек функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамы болып табылмайтын жұмыскерінің немесе оған теңестiрiлген адамның, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң өз міндеттері аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметтер көрсеткенi үшiн заңсыз материалдық сыйақыны, жеңілдектерді немесе мүліктік сипатта көрсетiлетін қызметтерді, мүлікке құқықты беруі 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады", - делінген құжатта.

Құжатты жария талқылау 17 шілдеге дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу