Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтегі ITF World Tennis Tour Women's 25k турирінде топ жарды, деп хабарлайды prosports.kz.
Финалдық кездесуде Зарина қытайлық Чжу Линьге қарсы ойнаған болатын. Қазақстандық спортшы екі сетте 6:4, 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті. 25 жасар Зарина Дияс 1 рет WTA жарыстарында жеңіске жеткен және ITF турнирлерінде 9 рет топ жарған.
Ендігі кезекте Зарина ертең Қытайдың Шыңжаңдағы WTA турнирінде жарыс жолына шығады. Бірінші айналымда қытайлық Дуань Инъинге қарсы өнер көрсететін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу