Зейнетақы жинақтарын алу: "Жеткілікті шегі" төмендетілді

1199

Зейнетақы салымдарының бір бөлігін алу үшін қажетті "жеткілікті шегі" төмендетілді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Зейнетақы жинақтарын алу: "Жеткілікті шегі" төмендетілді

Мәселен, бұған дейін 30 жастағы салымшылар үшін шек 2 млн 518 мың теңгені құраса, жаңа деректер бойынша – 2 млн 500 мың теңге болды, яғни 18 мың теңгеге төмендеді. 40 жастағы салымшылардың шотында енді кемі 3 млн 420 мың теңге жатуы тиіс.  Бұдан артылған ақшаны салымшылар баспана алуға және емделуге жұмсай алады. Жаңартылған кесте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында жарияланған. Қор мамандарының пайымдауынша осыдан кейін жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын ала алатын салымшылардың саны аз да болса артуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу