Зеленский бейбітшілік үшін АҚШ-тың қолдауы тоқтамайтынына сенеді

Киев соғысты тоқтату үшін АҚШ-пен қоса, еуропалық серіктестерімен де жұмыс істеп жатыр.

Зеленский бейбітшілік үшін АҚШ-тың қолдауы тоқтамайтынына сенеді Фото: Украинская правда

Мұны Украина президенті Х әлеуметтік желісінде жазған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Владимир Зеленскийдің сөзінше, бейбітшіліктің неғұрлым тезірек болғаны дұрыс. 

– Біз дипломатиямызды шынайы мағыналы етіп, соғысты мүмкіндігінше тезірек аяқтауға тырысудамыз. Америкамен және еуропалық серіктестермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, бейбітшілікке жету жолында Американың қолдауына зор үміт артамыз. Бейбітшілік бізге мүмкіндігінше тезірек керек, – дейді Зеленский.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жоғары лауазымды адамдармен кеңес өткізіп, онда Вашингтонның Киевке беріп жатқан әскери көмегін тоқтатқаны туралы ақпарат тараған еді. 

The Wall Street Journal газеті де өз дереккөзіне сүйеніп, "Трамп әкімшілігі Киевке жаңадан қару-жарақ жөнелтуге қаржы бөлуді тоқтатқан" деп жазған-ды. 

3 наурызда Трамп Зеленскийдің соғыс аяқталатын мерзім "өте, өте алыс" деген сөзін "ең нашар мәлімдеме" деп сынға алып, оны "бейбітшілікті қаламайды" деп айыптаған еді. 

– Бұл – Зеленскийдің ең нашар мәлімдемесі! Бұған Америка көп уақыт төзе алмайды! Осыған дейін айтып жүргенімдей, бұл жігіт бейбітшілікті қаламайды, себебі оның Америкадан қолдауы бар, ал Еуропа бұл жұмысты АҚШ-сыз орындай алмайтынын Зеленскиймен кездескен кезде тікелей айтқан болатын, – деп жазды ол Thuth Social әлеуметтік желісінде. 

Бүгін кешке Трамп ауқымды мәлімдеме жасап, бәрін ашық айтуға уәде етіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу