Зерттеушілер еліміздегі адам капиталына зерттеу жүргізді

1031

Соңғы он жылда балалар санының өсуі бойынша Қазақстан бірінші орынға шықты. Алайда елдегі өлім-жітім көрсеткіші жоғары.

Зерттеушілер еліміздегі адам капиталына зерттеу жүргізді Фото: Мария Матвиенко

Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) және Ғылыми-зерттеу және кеңес беру орталығының серіктестері еліміздегі адам капиталының дамуының ғылыми-тәжірибелік зерттеуімен таныстырды. Іс-шараның модераторы ретінде TALAP қолданбалы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Рахым Ошақбаев қызмет етті.

Онлайн конференция қатысушылары еліміздегі демография, білім беру, денсаулық сақтау, экономикалық тұрақтылық және т.б. мәселелерді қозғады. 
Сарапшылр қауымдастығының серіктесі Қуаныш Жайықовтың айтуынша, Қазақстан жасарып келе жатқан мемлекет.

"Демографиялық тұрғыдан еліміз тек жас мемлекет қана емес, жасарып келе жатқан мемлекет. Өйткені соңғы он жылда балалар санының өсуі бойынша Қазақстан бірінші орынға шықты. Бұл демографиялық толқын жақын арада білім беру жүйесіне әсер етеді. Алайда елдегі өлім-жітім көрсеткіші жоғары. Әр түрлі себептермен адамдар қайтыс болуда. Бұл денсаулық сақтау саласына қатысты емес, өлім-жітім себебі көбінесе адамдардың өзіне байланысты. Сондай-ақ, қазақ ұлтының көбейіп келе жатқаны байқалады. Бұл қалыпты жағдай, әлі де көбейе береді. Адамдардың табысына келетін болсақ, соңғы жеті жылда дамыған 30 елдің деңгейіне қарай жылжи алмай, тұралап тұрмыз. Кәсіпкерлік белсенділік өте төмен. Дамыған елдердің бизнес субъектілері санымен салыстырсақ, олардың минимумынан үш есе артта қалып отырмыз. Еңбек өнімділігі төмен болғандықтан, қызметкерге сұраныс жоқ. Сол себепті табыс аз немесе мүлдем жоқ. Халықтың көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысады", – деп ой топшылады зерттеуші.

Дегенмен сарапшының пікірінше, елдегі білім беру саласы жаман емес. Тек үш жасқа дейінгі балаларға білім беруді жетілдіру керек.

"Біздің мектеп оқушыларымыз өте жақсы. Академялық білім алудан әлемде үздік ондыққа кіреді. Бірақ білімді тәжірибеде қолдану кезінде, әсіресе қазақ мектептерінде мәселелер туындайды. Құндылықтарға келетін болсақ, Қазақстан православтық және ислам мәдениетінің арасында орналасқан. Дәстүрге орташа берікпіз. Отбасы мен қоршаған ортаның пікірі біз үшін өте маңызды рөл атқарып, шешім қабылдауға әсер етеді", –  деп айтып өтті Қуаныш Жайықов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу