Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кентке жұмыс сапары кезінде кәсіпорынды аралап қайтты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметіне сілтемемен inbusiness.kz.
Оған қазір фабрикада іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны, екінші тоқсанда оны іске қосу күтіліп отырғаны, ал бір жыл ішінде өндіріс жобалық қуатқа шығуы тиіс екені айтылды.
Жәйрем полиметалл кен орны - Қазақстандағы ең үлкен кен орындарының бірі. Мұнда қорғасын-мырыш, барит-полиметалл, сондай-ақ темір-марганец кендерінің бай қоры бар.
Фабрика жұмысынан бөлек, облыс әкімін кенттің даму мәселесі қызықтырды. Жеңіс Қасымбек Жәйремде қайта қалыпқа келтіріліп жатқан бес қабатты үйдің құрылыс алаңында болды. Өткен жылы жергілікті билік облыстық және жергілікті бюджеттердің көмегімен құрылыс жұмыстарына кірісуге уәде берген болатын. Бүгінде 85 пәтерлік үй дайын.
Айта кету керек, дәл осындай жұмыс қазір Қаражалда да жүріп жатыр, онда да облыс басшысы жұмыс сапарымен болды. Қалада кезінде бос қалған бес қабатты ғимарат қалпына келтірілуде, осы үйден басқа, тағы біреуі ретке келтіріледі деп көзделуде. Онда 26 пәтерді жөндеу, коммуникациялар жүргізу, шатыр жасау қажет.
- Өңірде бес қабатты екі тұрғын үй қалпына келтіріледі, бұл тұрғын үй кезегін 75%-ға қысқартады. Жыл қорытындысы бойынша 150 пәтер тапсырылуы тиіс, - деді Қаражал әкімі Тілектес Досаев.
Сонымен қатар, Қаражал басшысының айтуынша, қаланың орталық көшелері асфальтталып, жарықтандырылды, асфальт пен жарық нүктелері жоқ жеке сектордың 8 көшесін абаттандыру жоспары бар. Сондай-ақ, кәріз желілерін қайта құру жобасы әзірленуде және келесі жылға монтаждау жұмыстары көзделген.
- Менің өткен сапарымда №1 орта мектепте күрделі жөндеу мәселесі көтерілді. Оқу орнының 50 жылдан астам қызмет етуінде жөндеу жүргізілмеген. Сондай-ақ жаңа спортзал қажет болды. Бүгінде оқу ордасында мәселенің барлығы шешіліп, жөндеу аяқталды, мектепке спорт щалы бар қосымша ғимарат салынды. Енді қаланың міндеттерін одан әрі шешу керек. Жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша Қаражалдағы стадионды қалпына келтіріп, бассейн құрылысына құжаттар дайындауды тапсырамын, - деді Жеңіс Қасымбек.
Сапар соңында облыс әкімі Қаражалда да, Жәйремде де абаттандыруға қатысты көп жұмыс атқарылғанын атап өтті. Өткен жылы ЖҚЖК бойынша 11 жоба іске асырылып, 199 жұмыс орны құрылды.
Фото: Дмитрий Кузмичев