Еске сала кетсек, 19 наурызда өткен сайлауда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді.
Партияның саяси кеңесінің шешімі бойынша тізімге енгендер:
- Нұрлан Әуесбаев;
- Асхат Рахымжанов;
- Ажар Сағандықова;
- Наурыз Сайлаубай.
Айта кетейік, бұған дейін AMANAT партиясы 40 мандат бойынша депутаттар тізімін жариялады. Кеше Respublica партиясы, Қазақстан Халық партиясы мен "Ақ жол" демократиялық партиясы сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқылап, депутаттық мандаттар бөлінді.
Сонымен қатар бүгін "Ауыл" партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың тізімін таныстырды.
Сонымен Мәжіліске жалпы 6 партия өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу