Жамбыл облысының шаруашылық нысандарында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, жамбылдық шаруалар өңірде егілген дәнді дақылдардың 99% жинап алды.
"17 тамыздағы деректер бойынша, 330 мың тонна дәнді дақыл жиналып (99%), 750 мың тоннадан астам бидай еленген. Жиын-терін науқанын облыстағы 10 ауданның жетеуі аяқтады. Орташа шығымдылық гектарына 22,7 центнерді құрады. Жиын-терін жұмыстарына 5 мың техника мен 782 комбайн жұмылдырылды",– деп хабарлады ауыл шаруашылығы ведомствосының өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу