Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

1480

Облыста 30 мың тонна арзандатылған минералды тыңайтқышты алуға 1 млрд теңге бөлінді.   

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

Жамбыл облысындағы Байзақ және Жамбыл ауданының шаруалары алғашқылардың бірі болып көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Биыл шаруалар 673 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 жарым мың гектарға артқан. Өңірдегі шаруа қожалықтар 500 мың гектар жерді жыртып, өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол үшін 9 мың бірлік техника қарастырылған.

"Қазір техникалардың көктемгі жұмыстарына дайындығы 92 пайызды құрап отыр, көктемгі жұмыс басталғанға дейін техниканың дайындығын 97 пайызға жеткізіп, дала жұмыстары атқарылатын болады",­– дейді , ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев.

Облыста 30 мың тонна арзандатылған минералды тыңайтқышты алуға 1 млрд теңге бөлінді. Ал көктемгі дала төсіндегі қызу тіршілік мамыр айында аяқталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу