Жамбыл облысында сүт қабылдайтын 9 зауыт банкрот алдында

791

Өйткені өндіріс Ресей мен Қырғыздан келетін өнімге бәсеке бола алмай жатыр.

Жамбыл облысында сүт қабылдайтын 9 зауыт банкрот алдында

Бүйте берсе, тауар тіпті өтпей, 1000-ға жуық жан жұмыссыз қалмақ екен. Қазірдің өзінде мамандарға шетелден түрлі ұсыныс та түскен. Ең сорақысы күнде зауытқа тонналап сүт өткізетін халық енді не істейді?

Жуалы ауданында 50 мыңға жуық ірі қара сауылмай құр қалатын түрі бар. Өйткені аудандағы 9 сүт зауыт өткізушілердің өнімін кенет арзанға аламыз деп шешкен. Нақтысы сүттің литрін бұрынғыша 150 тг емес, енді 130 тг-ге бағалап отыр.

Ауданда бас-аяғы 45 елдімекен кәсіпорынға сүт өткізеді. Есепке салсақ, күнде 50 мың бас ірі қара сауылады. Талай жылдан бері бұл тірлікке әбден төселген бұқара жаңа өзгеріске үйрене алмай қиналуда. Салдарынан тәулігіне 120 тонна сүт өткізетін бар шаруа түсетін тиын-тебен сан тірлікті ақтамайды деп дал.

Өткізушілер өнімін қымбатқа бағалау енді банкротқа жеткізбек дейді зауыт иелері. Өйткені қоймадағы талай өнім өтпей, қазір құр тұр дейді. Сөредегі ірімшіктен бастап, айран-қаймаққа дейін сатылмай жатқанын айтады. Бұған көрші Ресей мен қырғыздан келетін тауар құны тікелей себеп дейді.

"Қазақстанда Ресейдің және Қырғыз мемлекетінің өнімдері тола. Біздің продукқа мүлде сұраныс жоқ. Айлықты зорға төлеп жатырмыз. Себебі тауарымызға спрос жоқ. Несиемізді зорға төлеп отырмыз. Ол бола берсе, біз банкротқа кетеміз. Зауытты жабуға тура келеді!"- деді "Бурный сүт компаниясы" ЖШС меңгерушісі Индира Қапалбаева.

Кезек күттірмес мәселе аудан басшыларына да бас уайым. 350 млн тг-ге жуық салық қаржысы аудан қазынасына құйылмай қалуы мүмкін.Жаз бойы Жуалыға барған мәжіліс депутаттарына да әкімдік талай қайырылған.Үкіметке де жеке кәсіпорындарды қолдауға қатысты ұсыныс жолдап қойыпты. 

"Үкіметтен сұрайтынымыз. Мәселен Ресей мемлекетінен егер Қазақстанға сүт өнімдері келетін болса, бүкіл логистикасын көтеріп отыр екен. Жағдай жасап беріп жатыр. Біздің үкіметтен де кәсіпкерлерге қолдау керек. Болмаса банкротка ұшырайды", - деді Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов.

Кәсіпорындар қазірдің айлық төлеп, несие төлеуге қиналып отыр. Шамамен әр мекемеде 100-ге жуық маман бар. Түрлі технология тілін білетін кәсіби мамандарға шеттен ұсыныс түсті дейді. Енді төмен құнға сүт өткізген шаруа да, тығырыққа тірелген кәсіпорын да аймақ тізгінін енді ұстаған облыс әкімін кәсіпорынға ат басын тіреуін сұрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу