Тәртіп сақшылары 44 жастағы азаматты ұстап, Қордай аудандық уақытша ұстау изоляторына жапты, деп хабарлайды 24.kz.
Облыстық полиция департаменті "ол оқиға тіркелген күннен бастап, Қылмыстық Кодекске сәйкес күдікті болып саналды" деген ақпарат таратып отыр.
Қазір мамандар жіті тергеп тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысу дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осы жол көлік оқиғасы кезінде 30 жастағы әйел адам мерт болған еді. Ізінше 48 жолаушысы бар автобус аударылып, салдарынан тағы 10 адам қаза тапты.