Жамбыл облысында жүргізуші өз көлігінің астына түсіп, мерт болды

141

Оқиға 30 шілде күні Кенен ауылының маңында тіркелген. 

Жамбыл облысында жүргізуші өз көлігінің астына түсіп, мерт болды  Фото: Almaty TV

Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Полиция мәліметінше, "ГАЗ-33023" маркалы көлік еңіс жолда келе жатып, жол жиегінде тұрған "КамАЗ-5511" жүк көлігіне соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, жүргізуші алдыңғы әйнек арқылы сыртқа ұшып кетіп, кейін өз көлігі оның үстінен басып өткен. Ер адам оқиға орнында мерт болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жолда келе жатып ұйықтап кеткен болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу