Жамбылдағы жарылыс: Оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауға тиіс болған

1393

Бұл туралы 28349 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Руслан Сырлыбайұлы Жылқыбаев айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбылдағы жарылыс: Оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауға тиіс болған

"Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауға тиіс. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылған. Жарылыстардың себептерін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы алғашқы сәттен бастап-ақ өртті сөндіруге кірісті. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектесті, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа объектілеріндегі күзетті күшейтуге кірісті. Бөлімнің барлық әскери қызметшілері, жалпы саны 100-ге жуық адам аталған оқиға орнына тартылды", – дейді Руслан Жылқыбаев 26 тамыздағы жарылыс туралы ведомство таратқан видеода.

Айта кетсек, ТЖ министрі Юрий Ильин өрт сөндірушілердің сұхбатына қатысты пікір білдірді. 

"Жігіттер өз міндетін атқарды. Олар оқиға орнына келгенде қою қара түтін болды. Сондықтан біз осы өртті сөндіру үшін барлық жауынгерлік атқыштопты жинадық. Кейін не болғанын тергеу органдары анықтайды. Арыста жарылыс болған кезде барлығы қауіпсіз жерге жеткізілгенін білесіздер. Алғашқы мәліметке сәйкес, мұнда жарылыс қаупі болмаған", - деді ведомство басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу