Жамбылдағы жарылыс: Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнеске келген шығынды есептейді

778

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облысының жедел штабымен бірге жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жамбылдағы жарылыс: Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнеске келген шығынды есептейді

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстан 400 метр қашықтықта орналасқан Қайнар ауылында 2 дүкен, 2 кафе, 2 жанармай құю станциясы, 1 жанармай құю станциясы-кэмпинг  бар. Онда шамамен 39 қызметкер жұмыс істейді. Қазір ол жаққа баруға рұқсат берілмей отыр, келген шығынды есептеп жатырмыз. Барлық қызметкер жарылыс болған аумақтан шығарылды. Әзірге ресми ақпарат жоқ (жарылыстан зардап шеккен нысандар бойынша), өйткені онда саперлер жұмыс істеуде, ол жаққа ешкімді кіргізбей отыр", - деді өңірлік палата басшысы Еркін Атымтаев inbusiness.kz тілшісіне.

Оның айутынша, өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облысының жедел штабымен бірге жұмыс істеуде.

"Ол жаққа баруға рұқсат берілсе, қандай кәсіпкерлік субъектілері зардап шеккенін анықтаймыз", - деді басшы.

Айта кетейік, кеше Жамбыл облысы Байзақ ауданында қуатты жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 5 адамның қайтыс болғаны хабарланды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу