Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты

1053

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Бүгінде апат орнынан тағы бір адамның денесі табылды, оның кім екені анықталып жатыр. Осылайша, әскери қоймада болған жарылыстан құрбан болғандар саны 13 адамға жетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше,13 адамның 3-еуінің тұлғасы анықталмай жатыр.

Қайғылы оқиға салдарынан көз жұмғандар:

1. Темірболатов Арнұр Серікұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы;

2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

3. Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары;

4. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

5. Мейіржан Айманов Какпосынұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары;

6. Марат Мешінбай – сержант;

7. Руслан Жанболатов – ефрейтор

8. Оразбек Далибаев – әскерилендірілген күзет қызметшісі, 

9. Арман Қапезов – Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, әділет полковнигі;

10. Еркін Нәдірбеков – өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы.

Сондай-ақ мамандар жоғалған 3 адамды іздестіріп жатыр.

Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болғаны белгілі. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Салаға жауапты Қорғаныс министрі жарылыстың қалай болғанын  айтқанымен, күдіктінің нақты кім екені атай алмады, тек болжам жасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу