Жаңа технологиялардың құны оның тиімділігінен де жылдам өсіп барады

1101

Жаңа технологиялардың құны оның тиімділігінен де жылдам өсіп барады

Энергетикада жаңа технологиялар мен инновацияларды ілгерілету мәселелері тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форумы аясында өткен министрлік конференциясында талқыланды. Диалогқа қатысушылар болашақта технологиялық жаңалықтар мен инновацияларсыз қол жеткізу мүмкін болмайтын сенімді энергия жабдықтауға көшу жалпы адамзаттың сапалы өмір сүруіне түбегейлі ықпал етеді деген ортақ байламға келді.

Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық бюроның директоры, ЭКСПО-2017көрмесінің БҰҰ-дағы бас комиссары Джихан Сұлтаноғлының пікірінше, жаңа технологияларды енгізу жылдамдығы әлі де баяу.

"Көміртекпен жұмыс істеуге қатысты жаңа тұжырымдама әлі зерттеу сатысында, сондықтан біз әлі артта қалып отырмыз. Миллиардтаған адам электр энергиясына қол жеткізе алмауда. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2017 жылы жалпы тұтынуда 18,3%  болған", - деді Джихан Сұлтаноғлы.

Жаңа энергия көздерін пайдалану көрсеткішінің артпау себебі заманауи технологиялар құнының тым жоғары  болуына байланысты деп санайды халықаралық энергетикалық агенттіктің атқарушы директорының орынбасары Пол Саймонс.

"Үйреншікті отынмен жүретін автокөліктер саны азайып келеді, Еуропада көбінесе электр энергиясымен жүретін көліктер сатып алынуда. Бұл көміртек бағасының жоғары болуымен және жаңартылатын энергия көздерін қолданудың өсуімен байланысты. Алайда жаңа технологиялардың бағасы тиімділікке қарағанда тез өсіп жатыр", - деді ол.

Ал Masdar бас директоры Джамиль аль-Рамахи болса, Қазақстан мен БАӘ-нің энергетика саласына жаңа технологияларды енгізу ісінде пайдаланатын әдістері ұқсас екенін атап кетті.

"БАӘ үкіметі 2050 жылға қарай ЖЭК-ні пайдалануды  қолданылатын энергияның жалпы санының 50%  деңгейіне дейін жеткізу қажет екенін айтты. Қазақстан үкіметінің де мақсаты да осындай. Біздің тәсілдеріміз, ойымыз бен келешекті болжауымыз ұқсас", - деп түсіндірді Мохамед Джамиль аль-Рамахи.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Кайрат Келімбетов Қазақстанның 2050 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жасыл энергетиканың үлесін арттыру жоспарымен бөлісіп өтті.

"Көрме тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі бұл мәселе бізді алаңдатып отыр, Қазақстан бұл аймақта ізашар елге айналғысы келеді. 2050 жылға дейін өндірістің жалпы көлемінде "таза энергияның" үлесін 50 пайызға жеткізуге тиіспіз, бұл үшін қоғамға осыған қатысты үндеу жолдауымыз керек", – деп тоқталды Қайрат Келімбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу