Жаңа Зеландияға зілзаладан келген шығын 1,4 млрд долларды құрады

1164

Жаңа Зеландияға зілзаладан келген шығын 1,4 млрд долларды құрады

Жаңа Зеландияда болған жер сілкіністері мен цунамиден келген шығын бір жарым миллиард АҚШ долларына жуықтады. Бұл туралы премьер-министр Джон Кей мәлімдеді, деп хабарлады "24 Хабар".

Сонымен бірге, ол табиғи апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына бірнеше ай кететінін жеткізді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, зілзаладан 2 адам қаза тауып, бірнеше тұрғын зардап шеккен.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Жаңа Зеландияда 7,8 балдық жойқын зілзала болған еді. Кейін тағы 6,2 балдық жер сілкініп, соңы цунамиге ұласты. Ел билігі тұрғындарға жағалауға жақын бармауды ескертті. Көптеген мектептер мен кәсіпорындар жабылып, теміржол қозғалысы тоқтатылды. Ал, ел премьері Аргентинаға сапарын кейінге шегерген.

"Зілзала салдарынан жолдары жабылып қалған аумақ тұрғындарына ауызсу, азық-түлік пен басқа қажетті заттарды жеткізу мәселесін тез арада шешуіміз керек. Бұдан басқа, жолдарынан қалып, қамалып отырған туристер де жетерлік. Кәсіпорындар да шығынға белшеден батты. Көптеген жолдар қираған. Осы мәселелердің бәрін шешу үшін миллиардтаған доллар қажет", — деді Жаңа Зеландия премьер-министрі Джон Кей.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу