Жаңадан ашылатын 3 шетелдік банк несие пайызын төмендете ала ма?

459

Қазақстанға жақын арада шетелден үш банк келуі керек! Дәл осындай тапсырманы Мемлекет басшысы жолдауында атап айтқан еді.

Жаңадан ашылатын 3 шетелдік банк несие пайызын төмендете ала ма?

Әзірге қай мемлекеттерден, қандай банктердің келетіні белгісіз. Десе де, сарапшылар бұл шағын және орта бизнесті қаржыландыруға және корпоративтік несиелеуді дамыту үшін аса керек деп отыр. Жалпы шетелдік банктердің келуі экономикаға, халыққа қандай пайдасы бар? Экономистердің пікірін тыңдап қайтқан әріптесім тарқатады.

Мемлекет басшысы жолдауында Қазақстанға әлемдегі белгілі дамыған үш банкті алып келуді ұсынды. Елімізде 2010-шы жылдары 145 банк болған. Ол кезде шетелдік Ұлыбритания, Гонконг және Германия банктерінің филиалдары бар еді. Дегенмен, елдегі кейбір жағдайларға байланысты олардың көпшілігі елден кетіп, жабылып тынды. Бізде қазір Сауд Арабиясы, Түрік, Қытай және Ресейдің ғана банктері қалды. Бірақ Еуропаның қуатты  қаржы институттары жоқ. Сондықтан, мұндай бастаманың айтылғаны өте орынды дейді сарапшылар.

"Бірақ бәрібір дамыған мәселен мынау Швейцарияның, Францияның Париба деген сияқты банктерімен әріптестік орнатқанымыз жақсы болар еді. Еуропалық банктермен.Жаңа айттым ғой. Бізде 5-6 банктің әсіресе Ресейдің банктері жұмыс істеген еді. Бүгінгі күнде Ресейдің санкцияға түсуіне байланысты Ресейдің ең үлкен Сбербанк, Альфа банк және Рбк банктері қазақстаннан шығып кетуге мәжбүр болды", - дейді экономист Сапарбай Жобаев.

Үш келетін банк Қазақстан экономикасына жаңа леп береді дейді сарапшылар. Себебі, өздерінің ұсыныстарымен келетін олар бәсекелестікті арттырады. Оған қоса, бизнеске тиімді шарттармен несие берілуі де бек мүмкін.

"21 банктың болуы бұл қандай да бір көрсеткіш емес. Сараптама жасайтын болсақ, біздің көршілес Өзбекстанның өзінде 33 банк бар. Оның 12-сі мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейді. Демек, мемлекет банк капиталының 80 пайызға жуығын өзі бақылайды деген сөз. Осыдан кейін, халықтың оған сенімі бар екені анық. Ал 33 банктің болуы таза бәсекелестіктің бар екенін білдіреді. Сондықтан, бізге шетелдік дамыған банктердің келгені өте дұрыс", - дейді Банк сұрақтары бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Биякаев.

Дегенмен, Қазақстан Еуропалық даму және қайта құру банкімен әріптестік байланыс орнатқан. Олар бізге банк жүйесін құруға, елдегі қаржы ұйымдарының жұмысын жақсартуға көп көмегін тигізді. Енді мемлекет басшысының осы тапсырмасының қалай орындалып, кейін ел экономикасына қалай әсер ететіні уақыт еншісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу