Жаңақорғандық басшылар жұртпен жүздесудің жаңа форматына көшті

914

Аудан әкімі әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, жоспарларымен бөлісті. 

Жаңақорғандық басшылар жұртпен жүздесудің жаңа форматына көшті

Қызылорда өңірі Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев ашықтық пен жариялылықты қолдап, әлеуметтік желіге тіркелген. Ол тікелей эфир арқылы атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, жоспарларымен бөлісті. Сала басшыларына да халыққа әлеуметтік желі арқылы есеп беруді тапсырды.

Бүгінде Интернет ресурсында аудан әкімдігінің ресми сайты бар. Сайтқа кез-келген тұрғын ғаламтор арқылы кіріп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар, оның ішінде экономика және бизнес, мемлекеттік қызметтер, инфрақұрылым, қоғам және т.б. саланы бақылап, билік иелерінен жауап алады.

Сонымен қатар, фейсбукте Оpen janakorgan ашылған. Парақшаға кез-келген азамат кіріп, аудан басшысына сұрағын жолдауға мүмкіндігі бар. Келіп түскен сауалдарға аудан әкімі үш сағаттың ішінде жауап қайтарып, мәселесінің оң шешілуіне бағыт-бағдар береді. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, халық пен билік арасында қолжетімді байланысты нығайта түспек.

"Көпшіліктің көкейінде жүрген тағы бір мәселе – сот төрелігінің әділдігі. Себебі, осыдан халықтың сотқа деген сенімі туындайды. Цифрландыруға көшу бұл мәселенің де түйінін тарқатқандай болды. Өйткені, бүгінгі соттың жұмысы баршаға мәлім",– дейді аудандық медиаторлар мекемесінің мүшесі Анарбек Баймұратов.

Сондай-ақ, медицинаға қатысты көп сауалдар түседі.

"Ауданда телемедицина жүйесі арқылы  облыстық медициналық орталықтармен кеңесіп, науқастың жай-күйімен бөлісіп отырамыз. Мысалы, өткен жылы 136 телеконференция, 123 телекеңес өткіздік. Нәтижесінде, 14 науқасты облысқа ауыстырдық. Телемедициналық кеңестің көмегімен 90 пайызға жуық науқасқа  ем дайындап, оң нәтиже алатын болдық. Денсаулық сақтау саласының жаңғыруы - адам өмірінің жақсаруының бірден-бір кепілі", – дейді Жаңақорған аудандық аурухананың телемедицина орталығының дәрігері Бақытжан Сапаров.

Сонымен қоса, ауданда білім саласында да цифрлануға тыңғылықты бетбұрыс байқалады. Ауданда "Электронды бағалау" жобасы бойынша 12 білім ошағы "Электронды күнделікпен" бағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу