Жаңаөзендіктер үшін Ақтаудан 400-ге жуық пәтер сатып алынады

978

Жуық арада 70 баспана Жаңаөзеннен қоныс аударатын тұрғындарға берілмек. 

Жаңаөзендіктер үшін Ақтаудан 400-ге жуық пәтер сатып алынады

Жаңаөзен тұрғындары үшін жыл соңына дейін Ақтаудан 400-ге жуық пәтер сатып алынады, деп хабарлайды 24.kz.

Өңір әкімдігі бұл жұмыстарды екі бағыт бойынша жүзеге асырмақшы. Алғашқысы жергілікті мұнай компаниясы бөлетін 1 млрд теңге 126 пәтер алуға жұмсалады. Жуық арада 70 баспана Жаңаөзеннен қоныс аударатын тұрғындарға берілмек. Тағы 56 үй қараша айында Ақтау қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің теңгеріміне алынады деп күтілуде. Сондай-ақ республика бюджетінен қаралатын 2,9 млрд теңгеге 268 пәтер сатып алынады.

Баспаналарды бөлуге аймақ әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы жауапты. Пәтер кілттері бірінші кезекте ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар мен әлеуметтік көмекке зәру азаматтарға беріледі.

"Жалпы бұл келетін азаматтарды тек қана үймен қамту емес, оларды болашақта жұмыспен қамту. Олардың ішіндегі зейнеткерлерді әлеуметтік мәселелері бойынша, емханаға тіркелу мәселесі, мектеп жасындағы балаларды мектепке орналастыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту мәселелері де қарастырылады. Жаңаөзен қаласында қазіргі таңға дейін 4 мың 356 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген",– дейді облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу