Жандарбек Бекшин қызметінен кететінін мәлімдеді

1121

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.   

Жандарбек Бекшин қызметінен кететінін мәлімдеді

Алматы қаласының бас санитар дәрігері, ҚР ДСМ КСК санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді.

27 желтоқсаннан ол еңбек демалысына кетеді. Ал 5 қаңтар күні орнын босатпақ.

"Менің келісімшартым аяқталды. "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес зейнеткерлерге келісімшартты бір жылға ұзартуға болады. Екінші рет ұзарту мүмкін емес. Сондықтан мен (2022 жылғы – inbusiness.kz) қаңтарда қызметімнен кетемін", – деді Жандарбек Бекшин Orda.kz тілшісіне. 

Алматы қаласының бас санитар дәрігері және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Қарлығаш Әбдіжаббарова атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу