Жапондық биржалардың индексі сауда ашылар сәтте 6%-ға өсті

1040

Жапондық биржалардың индексі сауда ашылар сәтте 6%-ға өсті

Токио қор биржасындағы сауда елдегі басты индекс – Nikkei-дің 6%-дық өсімімен басталды, деп хабарлайды Би-би-си.

Жапонияның  225 ірі компаниясының котировкаларының көрсеткіші  сауданың алғашқы жарты сағатында 16200 пунктен 17200 пункке дейін өсті. Ал Азияның  30 ірі компаниясының басын біріктіретін Asia Dow индексі болса тек 1,8%-ға, 2850 пункке дейін ғана өсті.  Сайлауға дейін бұл индекс 2950 пункті құраған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада АҚШ президентінің сайлауында Республикалық партияның атынан  үміткер Дональд Трамптың жеңіске жеткені туралы  жаңалықтан соң  әлемдік қаржы нарықтарында  дүрлігіс басталған болатын. Биржаларда басты индекстер төмендеп,  доллардың әлемнің валюталарына айырбас бағамы құлдилай бастады. Сондай-ақ Трамптың  Мексикаға қатысты айтқан қызыл сөзінің әсерінен песоның долларға шаққандағы бағамы да төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу