Жапонияда ТЖ режимі енгізілуі мүмкін

795

Жапония Токио қаласы мен көршілес үш префектурада төтенше жағдай режимін енгізуді жоспарлап отыр. 

Жапонияда ТЖ режимі енгізілуі мүмкін

Бұл – ел үкіметінің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қойған тағы бір шектеуі, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS-ке сілтеме жасап.

Соңғы апталарда тіркелген шамамен 3000 жаңа күнделікті оқиғалардың жартысы Токио қаласында орын алған. Премьер-министр Ёсихидэ Суга Но Шуга жаңажылдық баспасөз конференциясында осы жолы қоғамдық және экономикалық қызметтің барлық жерде тоқтатылатыны екіталай екенін мәлімдеп, төтенше жағдайды "шектеулі және мақсатты" енгізу керек екенін қосып өтті.

"Біз төтенше жағдай туралы хабардың шығарылуын қарастырамыз", - деді Суга премьер-министр кеңсесінде.

"Жаңа коронавирус жұқтырған адамдар саны азайған жоқ, бірақ Токио мен көршілес үш префектурада жоғары болып қалып отыр", - деді ол.


 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу