2019 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанның жарнама нарығы 107,5 млрд теңге табыс тапты, деп хабарлайды LS.
Бұл көрсеткіш 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға артық. Қаражаттың басым бөлігі жарнама агенттіктеріне тиесілі. Нақтырақ айтсақ, отандық компаниялар 95,9 млрд теңге жинап, өз табысын 21,1%-ға арттырған.
Ал маркетингтік зерттеулер 8,7 млрд теңге әкелгенімен бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға төмен. Сондай-ақ жарнама агенттіктері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 2,9 млрд теңге жинаған. Аталған қызметтен түскен түсім 1,5%-ға қысқарды.
Бұған дейін елдің медианарығында теледидар 52%, сыртқы жарнама 18%, десктоп-интернет 16%, радио 8%, дәстүрлі баспасөз 6% табыс түсіріп келген болатын.