Жасырын есірткі зертханасы анықталды

779

Күдіктілер психотроптық заттарды интернет арқылы саудалаған.

Жасырын есірткі зертханасы анықталды

Арнайы операция нәтижесінде Психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырған 3 қазақстандық пен 1 шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Комитеттің ақпаратына сүйенсек, күдіктілер есірткі заттарын Ақмола облысының аумағы мен Нұр-Сұлтан қаласында таратқан.

"Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің "Deep Web, Darknet" көлеңкелі сегментінің платформасында "қойылма" деп аталатын жолмен жүзеге асырылған. Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдық табылды. Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу