Жазатайым оқиғалардан сақтанатындар қатары көбейді

645

2023 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 1,6%-ға, 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Жазатайым оқиғалардан сақтанатындар қатары көбейді Фото: canva.com

Көрсеткіш жыл басынан бері 15,9%-ға көбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,3% (1,7 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,0% (143 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,7% (112 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы шілдеде 1,5 трлн теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды, 2023 жылдың басынан бері 18,9%-ға өсті.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы шілдеде 1,8% немесе 15,0 млрд теңгеге 860 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен ұлғайды. 2023 жылдың басынан бері 10,9%-ға көбейді.

2023 жылғы шілдеде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 20,2 млрд теңге болды, 2023 жылдың басынан бері – 128,7 млрд теңгеге көбейді.

2023 жылғы шілдеде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 627 мың шартты құрады, бұл 2023 жылғы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,9%-ға көп.

2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 9 314 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,3%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (116,2% немесе 998 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (19,6% немесе 652 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы шілдеде 85,5 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 7 айда барлығы 577,8 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 25,4%-ға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу