Жексенбі күнгі ауа райы болжамы

1496

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп отыр. 

Жексенбі күнгі ауа райы болжамы

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын, көбінесе қар түрінде жауады, тек еліміздің батыс бөлігі антициклон жотасы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жаланашколь ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұқасын  күтіледі. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу