Жемқорларға ел күтпеген жаза қолданылуы мүмкін

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеген. 

Жемқорларға ел күтпеген жаза қолданылуы мүмкін Фото: kun.uz

Енді жегі құрттай болған жемқорлардың елден шығуына тыйым салынуы ықтимал, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Айта кетейін, бұл бірінші рет көтеріліп жатқан сұрақ емес, бұл бізде баяғыдан бері талқылануда. Бұл бастама бұрыннан қарастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, тиісті ұсыныстар бар, – деді Данияр Бигайдаров.

Агенттік өкілінің сөзінше, парамен ұсталғандарды елден шығармау мәселесі басқа да құзырлы органдармен бірлесе қаралып жатыр. 

– Талқылау нәтижесі көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмысты біз ғана қабылдай алмаймыз, мұны бүкіл мемлекеттік орган, аппарат қабылдауы тиіс. Депутаттар қолдаса, әрине, енгізілуі мүмкін, – деп сөзін қорытындылады ол. 

Еске салайық, осыған дейін сенатор Айдос Сарым жемқорларды шетелге шығармауға болатынын, тек бір әңгімеден ғана қорқып отырғанын айтқан болатын. 

Ал оның алдында депутат Азат Перуашев жемқор шенеуніктерге шетелге шығуға тыйым салуды ұсынған еді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу