Жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты 2021 жылға шегерілді

730

Әлем біріншілігі 13-15 наурыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтуге тиіс болатын. 

 Жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты 2021 жылға шегерілді

2020 жылдың наурыз айында Қытайда өтуге тиіс жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді, деп жазады Olympic.kz. 

Әлем біріншілігі 13-15 наурыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтуге тиіс болатын. Халықаралық федерацияның баспасөз қызметі әлемдік сынның ауыстырылғаны туралы хабарлама таратты. 

"Қытай коронавируспен күресу үшін аянып қалмайды. Ал біз сол үшін оларға бар жағдайды жасауымыз қажет. Біз спортшылар мен федералды биліктерге және серіктестерге бұл аймақтағы спорттық жарысқа қатысты мәселенің қалай шешіліп жатқанын нақты жеткізуіміз керек.  Бұл әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Өйткені, көптеген спортшылар бұл турнирді асыға күтіп жүр. Сол себепті, жарысты 2021 жылға қалдырдық", – делінген хабарламада

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу