"Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы" жолы жаңартылуда

1556

Жұмыстар аяқталғаннан кейін автожол 4 жолақты, І "Б" техникалық санатының талаптарына сәйкес болады.

"Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы" жолы жаңартылуда

Республикалық маңызы бар "Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан Республикасының шекарасы (Түркменбашы)" автожолының 73 шақырымында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар аяқталғаннан кейін автожол 4 жолақты, І "Б" техникалық санатының талаптарына сәйкес болады.

"Қазіргі таңда жұмысшылар жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол жабынының төменгі және жоғарғы қабаттарын төседі. Учаскеде 25 темірбетон құбыр орнатылды. Биылғы жылдың жоспары бойынша Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде жол-пайдалану учаскелерін қайта жаңарту және жаңа учаскелердің құрылысы көзделген",­– деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.

Автожолды қайта жаңартуға 800-ге жуық маман, 565 бірлік техника жұмылдырылған.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі қайта жаңарту жұмыстарының биыл толық аяқталатынын, жол қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес күре жолдың бойында қоршаулар, учаске бойынша жаңа жол белгілері орнатылатынын хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу