Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 20 балаға пәтер берілді

1472

Облыс бойынша биыл 443 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 20 балаға пәтер берілді

Өскеменде үй кезегінде тұрған жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 20 балаға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Бұл туралы өңір әкімі хабарлады.

Жаңа үй 19-шы шағын ауданда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Құрылысқа жалпы 600 млн теңге жұмсалған.

"Айта кетейін, алдағы таңда 4 үйдің құрылысы аяқталады. Бұл 600 пәтер. Олардың екеуі, яғни, 110 пәтері әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне берілмек",– деп жазды Даниал Ахметов facebook-тегі парақшасында.

Жалпы облыс бойынша биыл 443 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Әзірге 19 үй қолданысқа беріліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу