Жетісуда жол апатынан 4 адам қайтыс болды

279

Полиция жолаушыларға жолда абай болуды ескертеді.

Жетісуда жол апатынан 4 адам қайтыс болды Фото: canva.com

Алматы – Өскемен тас жолының 271-шақырымында жол көлік оқиғасы болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.        

Жетісу облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Ауди автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың ортасында тұрған ағашқа соғылған.

Апат салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады, – делінген Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу