Жолаушылар тасымалы бір жылда 13%-ға артты

528

Автобус және таксимен жолаушылар тасымалы бір жылда 13%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жолаушылар тасымалы бір жылда 13%-ға артты

Жолаушылар тасымалының үштен екі бөлігі автобустарға тиесілі. Қазақстан бойынша 66,6% немесе 2,2 млрд жолаушы авобуспен жүрген. 1,1 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланыпты. Ал 15,9 млн адам троллейбуспен жүрген.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша автомобиль және қалалық көлік кәсіпорындарының кірістері 192,5 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40,8%-ға артық. Оның ішінде жүк тасымалдаудан түскен кіріс сомасы 137,3 млрд теңгені, жолаушылар тасымалдауынан түскен кіріс 55,1 млрд теңгені құраса, көлік құралдарын жүргізушімен немесе экипажбен жалға беруден түскен кіріс 68,1 млрд теңгеге жеткен.

137,3 млрд теңге жүк көлігі есебінен, 49,4 млрд теңге автобус тасымалдарынан, 2,2 млрд теңге такси қызметтері есебінен түскен. Ал, 952,6 млн теңге көлік тасымалдарынан,  942,7 млн теңге троллейбустар тасымалы есебінен алынған.

Республика бойынша жүк пен багаждың басым бөлігі Қарағанды облысына (297,3 млн тонна) жеткізілген. Үштіктер қатарында Абай облысы (253,1 млн тонна) мен Алматы қаласы (127,9 млн тонна) да бар. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында (3 млн тонна) тіркелген.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес, автомобиль мен қалалық электр көлігімен жолаушыларды тасымалдау 3,3 млрд адамды құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,9%-ға артық екендігін атап өту керек.

Өңірлік бөліністі қарайтын болсақ, жолаушылардың басым бөлігі Алматыға тасымалданған: 884,3 млн адам (26,8%). Одан кейінгі орынға Қостанай және Павлодар облыстары жайғасты. Маңғыстау, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жолаушылардың аз бөлігі тасымалданды.

Осы жылдың маусым айында жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы 4%-ға көтерілді. Ең жоғары баға Алматы облысында байқалды. Антилидерлер үштігіне Түркістан және Қостанай облыстары кіреді.

Фото: zakon.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу