2019 жылы елімізде жүк тасымалының көлемі 4,2 млрд тоннадан асты. Бұл 2018 жылдан 3,3%-ға жоғары. Көрсеткіштер үш жылдан бері өсіп келеді, деп хабарлады Ranking.kz.
Барлық жүктердің 84%-ы авто көліктермен жеткізілген. Оның 58%-ы құбырлар тасымалына тиесілі.
Өңірлер бойынша жүк тасымалының көлемі жағынан Қарағанды облысы көш бастап тұр. Себебі аталған аймақта 864 млн тонна зат тасымалданған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға жоғары.
Екінші орында ШҚО – 662,2 млн тонна, Қостанай облысы - 320,1 млн тонна.
Жалпы жүк тасымалының көп бөлігі – 3,6 млрд тоннасы көліктермен жеткізілген. Бұл жалпы көлемнің 83,8%-ы.
Ал теміржол арқылы өткен жылы 408 млн тонна жүк тасымалданған. 2018 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға жоғары. Бұл жалпы жүк тасымалының 9,6%-ы.
Жалпы 2019 жылы осы салада қызмет көрсететін компаниялардың табысы 8,2%-ға өсіп, 2,5 трлн теңгені құрады.