Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген finprom.kz зерттеушілері осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
2021 жылдың мамырында елде 76,4 мың жеңіл автокөлік тіркелді. Бұл - бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 36,4% артық. Өңірлерді бөліп қарағанда автокөліктердің ең көбі Алматы облысында тіркелген: 10,7 мың - оған өсім 85,8%. Көшбасшылар үштігіне Алматы (10,4 мың көлік, жылына +74,6%) және Нұр-сұлтан (6,6 мың, +3,1%) енді.
Жүргізуші куәлігін тапсыруға Ішкі істер министрлігі жауапты. Қызметті ақылы түрде тек жеке тұлғалар ғана ала алады. Жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж көлемі 1,25 АЕК құрайды. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері "электрондық үкімет" (www.egov.kz) порталы арқылы жүзеге асырылады.
"Көрсетілген қызметті алған, әрі сауалнамаға қатысқан 462 адамның ішінде қоғамдық мониторингке сәйкес, куәлік беру жөніндегі органдардың жұмысына 73,2% қанағаттанған. Көрсетілген қызметтің орташа бағасы 5 балдың ішінде 4,53 балды құрады. Респонденттердің арасында азаматтардың 70,3% үйде интернет байланысы бар екенін атап өтті. Оның ішінде азаматтардың 51,1% интернет жылдамдығы орташа, 23,1% жоғары болды. Респонденттердің 39,4% интернетке шығу үшін ноутбук немесе компьютер бар екенін, 54,2% ұялы телефонды пайдаланғанын атап көрсетті. Сонымен қатар, азаматтардың 0,6%-да интернетке қосылуға арналған құрылғылар жоқ болып шықты. Азаматтартың көбі оларды қалай пайдалануды білмейді. Респонденттердің көпшілігінде онлайн қызметтерді алуда ерекше проблемалар болмағанына қарамастан, респонденттердің тек 32,3% осы сервисті порталдағы электрондық нысанда пайдаланды", - делінген зерттеуде.
Өңірлерді бөліп қарағанда қанағаттанудың ең төмен деңгейін Қарағанды (орташа бал — 4,34), Қостанай (4,35) және Павлодар (4,36) облыстарының респонденттері көрсеткен. Ал қанағаттану деңгейі бойынша ең жоғары орташа бал Қызылорда (4,83), Солтүстік Қазақстан (4,73) және Ақмола (4,70) облыстарында байқалады.
Түсініктемелерде қызмет алушылар мемлекеттік қызметті алу процесінде 25,5% жағдайда мынадай қиындықтар туындағанын атап өтті:
- call-орталық қоңырауларға жауап бермейді, қоңырау шалу өте қиын (2,4%);
- кезек көп күткен (2,4%);
* ақпаратты, құжаттарды ұзақ күтуге тура келген(1,3%);
* 1414 call-орталығындағы қызметкерлер біліксіз (1,1%);
* ЭСҚ алу қиын (0,6%);
* брондау мәселелері (0,6%);
* мемлекеттік бажды екі рет төлеуге тура келді (0,6%);
* интернет мәселелері (0,4%);
* мамандар жұмысы сапасының төмендігі: сауаттылық, сыпайылық, құзыреттілік (0,4%);
* түсініксіз сайт (0,2%);
* сыбайлас жемқорлық (0,2%).
Аян Бекенұлы