Жүргізушілер үшін жағымды жаңалық жарияланды

5523

Енді екі көлік соқтығысқан жағдайда, полиция мен сот шешімін күтпей, сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік берілмек. 

Жүргізушілер үшін жағымды жаңалық жарияланды

Қазақстанда сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде көлік жүргізушілері полицияны, әрі сот шешімін күтпей, сақтандыру төлемдерін рәсімдей алады

"Бүгінде жол апатына ұшыраған жүргізушілер сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясын күтеді. Хаттамалар рәсімделгеннен кейін сот шешімі шығуы керек. Осылайша, екі айдай уақыт өтеді, ал  сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол апаты кезінде барлық құжат жылдам ресімделеді. Полицияның хаттамасы мен сот шешімі қажет емес", - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арнайы заң жобасын әзірлеуге кірісті. Оған сәйкес, жол апаты бойынша сақтандыру төлемін жылдам алу тетігі енгізіледі. Бірақ бірнеше шарт болады.  Олар:

  • екі көлік құралының соқтығысуы;
  • жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралдарына ғана зиян келуі (адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру және үшінші тұлғалардың мүлкін зақымдау болмау шарт);  сақтандыру полисінің болуы;
  • екі көлік жүргізушінің өзара келісуі;

сақтандыру төлемі 100 АЕК-тен (306 мың теңгеден, 1 АЕК – 3 мың 63 теңге) аспауы.
Барлық өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы жіберіледі.

Айта кетейік, халықаралық тәжірибеде сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі кеңінен тараған. Мұны "еурохаттама" деп атайды. Бүгінде еурохаттама Еуропада ғана емес, Ресей, Беларусь, Украина, Армения мен Өзбекстан сияқты ТМД-ның бірқатар елінде бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу