Себебі онда белгілі қаржылық-өндірістік топтарға жататын алпауыттар алтын өндіреді. Ақсу кентінің ашылғанына 90 жылдан асты. Оның картада пайда болуына Кеңес одағының осы маңда алтын өндірісін бастауы ықпал етті. Тарихқа жүгінсек, археологтар мұнда алтынды сақ бабаларымыз сонау мыс дәуірінде өндіре бастағанын анықтаған.
Бүгінде онда алтын өндірумен "Алтыналмас" АҚ кәсіпорындары айналысады. Тұрғындардың көпшілігі соған қызмет етеді, шахталарда, карьерлерде, фабрикаларда жұмыс атқарады. Жұрт елді асыраған жалғыз кәсіпорынның тілеуін тілеп отыр.
Ақсу ауылындағы тұрғын үйлер қоры ескі екенін айта кетейік, көптеген үйлер іргетассыз кірпішпен салынған, бұл ретте компания адамдардың жағдайына қарайласып, белгіленген санитариялық-қорғау аймағы (бұдан әрі – СҚА) шегіндегі барлық үйлерді, сондай-ақ СҚА-ға жақын орналасқан үйлердің бір бөлігін сатып алып, әлдеқайда жақсы жағдайда өмір сүруге мүмкіндік берді. Бұзылатын үйлердің барлық иелеріне өтемақы төленді, ол нарықтық бағадан әлдеқайда жоғары етіп белгіленді. Бұл қаражатқа тұрғындар Степногорск қаласында, Астана маңындағы Қосшы ауылында пәтерлер, Заводской ауылында тұрмысқа жайлы тұрғын үйлер сатып ала алды. Компания тұрғындардың мәселелерінен хабардар және де оларды шешуге көмектесуге тырысып бағады.
Тұрғындар өндірістің денсаулыққа теріс әсер ететінін теріс пайдаланады және бұл ретте келесі маңызды фактор әдейі еленбейді: мемлекет резервтерін алтын өндірісімен қамтамасыз ету үшін, ауыл бастапқыда жұмысшылар кенті ретінде салынған.
Өндірістің осындай жағымсыз әсері бар-жоғын объективті бағалау мақсатында 2021 жылдың күзінде "Алтыналмас" "Медикермен" бірлесіп, Бестөбе, Ақсу және Жолымбет ауылдарының тұрғындары үшін жаппай медициналық скрининг ұйымдастырды, онда толық медициналық тексеруден тегін өтуге болатын еді.
"Медикер" медициналық орталықтары тобының мамандары тексерулер мен консультацияларды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ-мен бірлесіп жүргізді.
Дәрігерлер бригадасы (терапевттер, педиатрлар, стоматологтар, "тар" мамандар) 10 күн ішінде медициналық көрсеткіштерді (талдаулар, соның ішінде онкомаркерлер, қан қысымы, қанның оттегімен қанығуы және т.б., электрокардиограмма, көрсетілімдер болған жағдайда – УДЗ, өкпенің компьютерлік томографиясы, маммография) өлшей отырып, өтініш білдірушілерді қарап тексерді. Тексеруден өткендердің жасы 16-дан 84 жасқа дейін (орташа жасы - 52 жас). Белсенді шақыруға, автобус ұсынуға қарамастан, Ақсуда келушілер саны ең төмен болды - барлығы 62 адам жүгінді (бұл тұрғындардың жалпы санының 11%).
Айта кетейік, тәуелсіз скрининг тексерілгендерде аурулар бойынша ерекше артық құрылымды анықтаған жоқ. Мұндай төмен келу тек ауыл тұрғындарының өз денсаулығына алаңдамағанын көрсетуі мүмкін.
"Алтыналмас" қатысушы өңірлерді дамытуға белсенді инвестиция салуда. Жер қойнауын пайдалану міндеттемелері мен бюджетке салық төлеуден басқа, компания келісімшарттық міндеттемелерден тыс аймақты дамытуға инвестиция салады және бұл инвестициялардың бюджеті жалпы ауылдық бюджеттен асып түседі.
Мысалы, 2022 жылы өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға 1,3 млрд теңге салынды, оның ішінде Ақмола өңіріне 1,247 млрд теңге бөлінді. Компания жер қойнауын пайдалану бойынша міндеттемелерді төлейді (2022 жылы 215 млн теңге), бірақ заң бойынша жер қойнауын пайдаланушы бұл қаражатты қайда бөлетінін бақылай алмайды. Мысалы, 2021 жылы Ақсу ауылына 63,5 млн теңге инвестицияланды. Бұл қаражатқа №1 ОМ және №2 ОМ үшін робототехника сыныптары жабдықталды, жарықтандырудың 50 тірегі орнатылды, №2 ОМ спорт залын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді, спорттық ойын алаңы (Workout) салынды, №1 ОМ мұражайы үшін интерактивті сенсорлық үстел сатып алынды, мәдениет үйінің шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілді, №3 маршрут үшін автобус сатып алынды және басқалары.
2022 жылы 101,2 млн теңге салынды, бұл қаражатқа 70 жарықтандыру тірегі орнатылды, ҚТҚ үшін 50 қоқыс контейнері сатып алынды, көше спорт алаңы салынды,№1 ОМ-де жөндеу жұмыстары жүргізілді және т.б. Биылғы жылы жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша компания қаражатына көше спорт тренажер кешендері, балалар ойын алаңы, жарықтандыру тіректері орнатылып, басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылатын болады. Бұл жұмыстарға қажеттілік ауыл әкімімен және бастамашыл тұрғындармен кездесу қорытындысы бойынша анықталды.
Бұдан басқа технологиялық жолдарды, өнеркәсіптік алаңдарды, көмір қоймаларын және ауыл ішіндегі жолдарды үздіксіз суару, өнеркәсіптік алаңдарды және санитарлық қорғау аймағын абаттандыру, көгалдандыру, өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату, карьерлердегі өндірістік радиологиялық бақылау, қалдық қоймаларының жағажайларында шаңның көтерілуіне қарсы жұмыстар және басқа да экологиялық іс-шаралар жүргізіледі.
"Алтыналмас АК" АҚ Ақсу жобаларында табиғатты қорғау іс-шараларына бағытталған жалпы сома 2021 жылы 272,6 млн теңгені құрайды.
Ақсу қалдық қоймасында шаңды фитоқармау бойынша цифрлық жоба іске асырылды. Бір жарым шақырым қашықтықта қалдық қоймасының аумағында 1 400 ағаш және бұта көшеттері отырғызылды, олардың 93% тамыр жайған. Жоба Нархоз университетімен бірлесіп компьютерлік 3D модельдеу негізінде әзірленді және енгізілді.
Сондай-ақ аймақтағы ең ірі жұмыс берушілердің біріміз, сол себепті мыңдаған жергілікті тұрғындардың тағдыры компанияның тұрақтылығына байланысты. Компания Степногорск аймағында ұзақмерзімді тұрақты дамуға бағытталған және өндірістік алаңдарды, ұжымды және аймақты дамытуға ниетті.
Мәселен, соңғы үш жылда компания 130 млрд теңгеден астам салық және шамамен 282 млн АҚШ долларына қызметкерлерге еңбекақы төледі, өндірістік қуаттарды құруға және дамытуға 400 млн АҚШ долларын инвестициялады және игерді.