Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бүгінгі таңда киберқылмыс, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтық өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, бұндай қылмыстарға қарсы тұрақты түрде іс-қимыл шараларын қабылдауда. Бірінші кезекте БАҚ-та белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері ақпараттық кеңістікте 7,5 мыңға жуық (БАҚ сайттары – 2669, әлеуметтік желілер – 4817) жарияланды", – деп түсіндірді спикер.
Ішкі істер министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми сайтында "Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл" парақшасы құрылды, онда интернет-алаяқтық жасау тәсілдерін сипаттайтын айдар мен олардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар бар.
"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп ұялы байланыс операторларының ("Кселл", "КаР-Тел" ,"Алтел" и "Теле 2") антифрод-жүйелерінің дерекқорларын интеграциялау ұйымдастырылды. Қабылданған техникалық шаралар халықаралық трафик арқылы өтетін қазақстандық абоненттік нөмірлерге фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді. Осылайша 36 млн қоңырау бұғатталды", – деді Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы.