Жыл басынан бері елордада 11 батуттың жұмысы тоқтатылған

773

Батуттар мен аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесі әзірленді.  

Жыл басынан бері елордада 11 батуттың жұмысы тоқтатылған

Бір жыл бұрын Нұр-Сұлтанда қатты желден батут аударылып, 5 бала ауруханға түскен болатын. Осы және басқа да оқыс оқиғалардың орын алуына байланысты қала билігі үрлемелі батуттардың жұмысын уақытша тоқтатуға бағытталған шараларды қабылдаған болатын. Оның аясында Орталық, "Жетісу", "Жерұйық" және "Студенттік" саябақтары әкімшіліктеріне нақты талап қойылды, деп хабарлайды әкімдіктің сайты.  

Келісімшарт бойынша жел секундына 10 метр жылдамдықпен соққанда, ауа-райының тұрақтанғанына дейін батуттар және аттракциондар жұмысын тоқтатуға тиіс.

"Сонымен қатар, бүгінгі таңда ҚР ИИДМ өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті батуттардың және аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін әзірледі", – деп атап өтті инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу