Жыл басынан бері сібір жарасын 37 адам жұқтырған

286

Оның ішінде бір адам жақында Қарағанды облысында көз жұмды. 

Жыл басынан бері сібір жарасын 37 адам жұқтырған Фото: Inbusiness.kz

Биыл сібір жарасы ауруының расталған 37 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Оның ішінде 19 жағдай Жамбыл облысында болса, 15-і – Ақмола облысында, 3 жағдай – Қарағанды облысында. Бүгінде 3 науқас ауруханада ем алып жатыр", - деп хабарлады Айжан Есмағамбетова.

Ауру жұқтырған 37 адамның ішінде біреуі көз жұмған.

Науқастар барлық жағдайда инфекцияны ауырған жануарларды мәжбүрлі сою және етін бөлшектеу, тасымалдау, сақтау арқылы жұқтырған.

"Ауруды жұқтыру көзі ветеринариялық куәліксіз сойылған ауру мал болған. Күйдіргі ауруы адамнан адамға берілмейді", - деп атап өтті спикер.

Айжан Есмағамбетова аурудың алдын алуға қатысты ұсынымдар айтты.

"Ет және ет өнімдерін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жүзеге асырылатын рұқсат етілген сауда орындарында ғана сатып алған жөн. Кездейсоқ адамдардан ет пен ет өнімдерін сатып алмау керек. Тамақ дайындау кезінде шикі ет өнімдерінің дәмін татып көрмеу, ет пен ет өнімдерін мұқият қайнату және қуыру, үй жануарларына күтім жасау кезінде жеке қорғаныш құралдарын қолдану ұсынылады. Егер ауру жануарлармен байланыста болғаннан соң жоғары температура, терінің қызаруы, жаралар пайда болса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінген жөн", - деді спикер.

Бұдан бөлек мамандар инфекция кезінде өзін-өзі емдеуге болмайтынын, бұл аурудың асқынуына әкелуі мүмкін екенін баса айтады.

"Жануарларды алдын ала ветеринариялық тексеруден кейін ғана сою керек. Үй жануарларына күйдіргіге қарсы профилактикалық вакцинация жүргізген жөн", - деп түсіндірді ол.

Еске салайық, осыған дейін https://inbusiness.kz/kz/last/karagandy-oblysynda-bir-otbasynyn-3-mushesi-sibir-zharasyn-zhuktyrdy Қарағанды облысында бір отбасының 3 мүшесі сібір жарасын жұқтырғанын жазған болатынбыз. Өкінішке қарай, жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылғы науқас көз жұмды. Тағы бір науқас жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу