ХІ Астана экономикалық форумында қала әкімі Әсет Исекешев Астана – Еуразиялық аймақтың орталығы, әлемдік деңгейдегі заманауи қарқынды дамыған мегаполис болуға тиіс және инновациялар орталығына, білім беру және денсаулық сақтаудың үлгісіне айналуы керектігін айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
KEYNOTE форматындағы сессияда негізгі жобаларды таныстыру барысында Әсет Исекешев іс жүзінде барлық салаларда көшбасшы болатын қалаларды мысалға келтірді.
"Қазір бәріңіз білесіздер, урбанизация жылдам, көптеген елдер өте қарқынды дамуда. Бізде халықтың 50 % қала тұрады, ал 2050 жылы бұл көрсеткіш 70%-ға жетеді деген болжам бар. Менің ойымша, біз бұл көрсеткішке одан да ертерек жетеміз, біз оны байқап отырмыз. Жыл сайын елордаға 50-100 мың халық көшіп келеді. Жалпы қазіргі таңда әлем бойынша ірі қалалар құрылуда", – деді әкім.
Оның пікірінше, болашақта бүкіл экономика негізінен ірі қалаларда дамиды.
"Біз ірі мега – қалалардың қалай қалыптастырылатының мұқият зерттедік. Таяу Шығыста бұл Дубай, Шығыс Азияда бұл Сингапур. Бұл қалалар қаржы, инновация, білім беру, денсаулық сақтау орталықтары болып отыр және олар саудада, туризмде, архитектура қалған қалаларға үлгі болуда. Сол себепті, елде ірі қала болғаны өте жақсы және ол бір емес екеу болса тіптен жақсы", – деп атап өтті Әсет Исекешев.
Қала басшысының айтуынша, бүгінде Астананы Еуразиялық кеңістіктің іскерлік, мәдени, ғылыми, білім беру орталығына айналдыру мақсаты тұр.
"Осы бағытта Астана өз орнын алуы тиіс. Теориялық жағынан айтатын болсақ: біз қайда бара жатырмыз, қаланы дамыту бұл екі күштің синергиясы – бұл дамыған инфрақұрылым, қаланы сапалы басқарудың үш фактор бар, олар – экономикада сауда секторларының болуы, қаланың талантты адамдарды өзіне тартып ұстай алуы қабілеті және инновациялық экожүйе. Астананы Еуразия моделі негізінде іскерлік, мәдени, ғылыми орталық және жаһандық ақылды қала ретінде дамыту және қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту, табысын өсіру", – деді қала басшысы.
Осы мақсатқа жету үшін біз Астананы 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын түздік.
"Біз оны 20 нақты қадам деп атадық. Ол жаңа талаптарға сай қаланы одан әрі дамытуға, трансформациялауға, жайлы етуге арналған. Бардарламаның екі ірі бағыты бар, олар: бірінші – сапалы өмір, қаланың жайлылығы, екінші – жаңа экономикалық сапа", – деді әкім.