Жыл сайын жаңадан 10 мыңдай жәндік түрі пайда болады екен

1534

Жыл сайын жаңадан 10 мыңдай жәндік түрі  пайда болады екен

Ғалымдардың бағалауына қарағанда,  бүгінгі күнде планетада қоректенетін және  ең көп тараған жәндіктердің саны 3-30 миллион аралығында екен, деп хабарлайды aikyn.kz.

Қазіргі кезде  ғылымда 1 миллионнан астам жәндік қана адам баласына таныс көрінеді. Бірақ жыл сайын жаңадан 3-10 мыңдай жаңадан жәндіктер пайда болатыны шындығында таңқаларлық нәрсе. Мұның себебі неде?

Оған қатысты мамандардың айтар уәжі бар: өйткені ғылым әлі көп жәндіктерді білмейді, таныс болмауының сыры да осы. Көбісі тропикалық аймақтарда қоректенетіндіктен  бейтаныс болып келеді. Сондықтан да болар, планетада өмір сүретін жан-жануарлардан  насекомдардың саны орасан зор көп болып отыр.

Зерттеушілердің пайымдауына қарағанда, осыдан 400 миллион жыл бұрын жер бетінде  алғаш тірпшілік еткендер де осы жәндіктер болған деседі. Бірақ олар әртүрлі, аса улы болып келетіндері де бар. Адамдардың сақтанатыны да сол. Мысалы, маса адамды жылына 100 рет шағады деген дерек бар. Бірақ 100 рет шаққан масаның "уын" адам көтере алады. 

Мамандар бал беретін аралар мен құмырсқалар және  кенелердің шағуынан адам өліп кетуі  мүмкін деген болжам айтады. Дерекке жүгінер болсақ, жәндіктердің 80 пайызы – өсімдіктің қас жауы, 15 пайызы –жыртқыштар,   5 пайызы – қансорғыштар болып келеді.  Әлгі 80 пайыз жәндіктер  жыл сайын әлемдік егістіктің 25-30  пайызына зиян келтіреді екен. Ауыл-аймақта, елдімекен, су  маңайындағы жәндіктердің 80 пайызы үй жануарларының қанын сорып, "күн көреді"  екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу