Ауыр атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Зүлфия Чиншанло Беларусьтің Гродно қаласындағы халықаралық турнирде жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.
55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Чиншанло қола жүлдегер атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 200 (85+115) келіні еңсерген.
Бірінші орынды қытайлық Яжун Ли (217 келі) иеленді. Екінші сатыда тағы бір Қытай өкілі Ванцюн Чжан. Ол 2015 келіні бағындырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу