"Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары" байқауына қатысуға өтініштер әлі де қабылдануда. Бүгінде Астана қаласы бойынша байқауға 50 өндіруші кәсіпорын қатысуға ниет білдірген. Талап бойынша үміткерлер 3 номинация бойынша сарапқа салынады. Олар өндірістік бағыттағы және халыққа арналған үздік тауарлар, сондай-ақ азық-түлік тауарлары. Аталған байқаулардың барлық лауреаттары төрт жыл бойы конкурстың эмблемасын жарнама мақсатында пайдалана алады. Сыйлықты табыстау рәсімі 4 шілде күні өтеді. Айта кетейік "Алтын сапа" жеңімпаздарына марапатты Мемлекет басшысының өзі тапсыратын болады.
Азат Әбдірақманов "Қазақстан сапа және инновациялық" ұйымының президенті: "Біздің елде шығатын тауарлардың деңгейін көтеріп, солардың бәсекелестігін көтеріп, тұрақты дамуына себеп ету керек. Алтын сапа, үздік тауар ұлттық конкурстары еуропаның сапа жүлдесіне сүйенген. Мақсаты үздік тауарлар, алдыңғы қатарлы компаниялар ххалықаралық дәрежеге көтерілсін деген әңгіме."