"Астана" банкі 2,5 миллиард теңгені құрайтын акцияны сатылымға шығарады

789

"Астана" банкі 2,5 миллиард теңгені құрайтын акцияны сатылымға шығарады

"Астана" банкі IPO шеңберінде 2,5 млрд тенгені құрайтын қарапайым акцияларды сатылымға шығарды. Олардың жалпы саны 2,1 млн дана. Бұл туралы бүгін компания өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Құнды қағаздардың саудасы маусым айының соңында басталады. 1 акцияның индикативті бағасы, 20 пайыздық жеңілдікпен бірге есептегенде 1150 тенгені құрайды. Банк акционерлерінің бірі Олжас Тоқтаров 2 млрд теңге көлеміндегі бағалы қағаздарды сатып алу жоспарлап отыр. Банк төрағасы Ескендір Майлыбаевтың айтуынша, Астана банкі жеке инвесторлармен жұмыс істей алатын деңгейге жетті. Қазір оның ай сайынғы өсімі 10-12 пайызға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу