"Асыл мұра" фотоконкурсының жеңімпаздары анықталды

1078

 Қазылар алқасының қарауына 180-нен аса жұмыс келіп түсті. 

"Асыл мұра" фотоконкурсының жеңімпаздары анықталды

ҚР Тұңғыш президенті қоры ұйымдастырған "Асыл мұра" фотоконкурсының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды abctv.kz.  

Конкурс Қазақстанның жаңа көркем бейнелерін қалыптастыруға, патриотизмді нығайтуға ықпал етуге, халқымыздың дәстүрлерін насихаттауға бағытталған.  

Конкурс түрлі кәсіп иелерінің арасында қызығушылық туғызып, оған 18-35 жас аралығындағы журналистер, жұмысшы мамандар, мемлекеттік қызметшілер, студенттер, кәсіби және кәсіби емес фотографтар қатысты.  

Фотожұмыстардың көбі Қазақстанның Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Тараз, Көкшетау, Павлодар, Маңғыстау, Орал, Шымкент, Арқалық, Қызылорда, Ақтау сияқты қалаларынан, сондай-ақ Ақмола облысынан келіп түсті.

"Асыл мұра" конкурсын өткізу барысында шығармашыл жастардың тарапынан үлкен қызығушылықты көрдік. Қазылар алқасының қарауына 180-нен аса жұмыс келіп түсті. Тапсырылған фотожұмыстар халқымыздың ұлттық құндылықтары мен мұраттары,салт-дәстүрі, Астананың сұлулығын айқын бейнелейді.Сонымен қатар конкурсқа қатысушылар өз жұмыстарында қазақстандықтардың күнделікті өмірін шығармашылықпен көрсете білген", – дейді ҚР тұңғыш президенті - Елбасы қорының атқарушы ди⁠ректоры Қанат Жұмабаев.

Конкурстың "Астананың 20 жылдығы" номинациясы бойынша "Егемен Қазақстан" газетінің фототілшісі Ерлан Омаров топ жарды. "Күнделікті өмірдегі оқиға" номинациясын Алексей Попцов пен Фарид Сайфуллин иеленді. "Тұлғалар" номинациясында Бақыт Сәтбек үздік шықса, "Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері" номинациясы бойынша Максим Стадниченко жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар "Асыл мұра" конкурсының лауреаттары деп танылып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Қор жастарға арналған басқа да көптеген жобаларды жүзеге асыруда.Олардың қатарында жас ақындар мен жазушылардың "Алтын тобылғы" конкурсы, журналистер конкурсы, жас ғалымдардың үздік кеңесі сияқты конкурстар бар. Олардың нәтижелері ағымдағы жылдың желтоқсан айында шығарылады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу